Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы «Ақмешіт» институты жабыла ма?

13.08.2021, 14:00 796

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексерудің нәтижелері осындай болды.

 Бұған дейін ЖОО-да тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша комитет қызметкерлері тиісті талапқа сай емес түрлі жағдайларды анықтады. «Ақмешіт» институтына ұйғарым беріліп, оқу орнына барлық сәйкессіздікті жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсаған.

– Жоғары оқу орындарында тексеру жұмыс­тарын білім беру сапасы мен кадрлар даяр­лауды жақсарту үшін жүргізетінімізді түсі­ну маңызды. Бұл ретте біз ЖОО-ларды лицен­зиядан бірден айырмаймыз және оларды бір­ден жаппаймыз. Жоғары оқу орында­рына бұзушылықтарды жоюға уақыт беріл­генімен, ешқандай әрекет болған жоқ. Осы­ған байланысты біз кейінірек қатаң шара­лар қабылдауға мәжбүрміз. Жоғары оқу орын­дарының студенттері үшін жағдай жа­сап, білім беру бағдарламаларының сапасын жақ­сартуға қол жеткізуі маңызды. Әйт­песе, жосықсыз университеттер сапалы білім­мен қамтамасыз етпей, диплом беруді жал­ғастырады. «Ақмешіт» гуманитарлық-тех­никалық институтына келетін болсақ, соң­ғы тексеру осы жылдың маусым айында жүр­гізілді. Бұзушылықтар жойылған жоқ. Әң­гіме материалдық-техникалық базаның әлсіз­дігі және оқу процесін ұйымдастырудағы елеу­лі кемшіліктер туралы болып отыр. Инсти­туттағы кейбір пәндерді тиісті білімі мен дәрежесі жоқ оқытушылар жүргізген. Тіпті оқу процесі мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде студенттер білім беру бағдарламаларын толық игере алмаған. Қазіргі таңда институт оқу орнын лицензиядан айыру туралы қабылдаған шешімімізге наразылық білдіруге тырысып жатыр», – деді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Бүгінгі таңда «Ақмешіт» институтының білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Алай­да дипломдардың жарамсыз болған­ды­ғына қарамастан, институт оларды Білім және ғы­лым министрлігінде тіркелген сериялар мен нөмірлерсіз берген.

Сондықтан студенттердің назарына жо­ғары оқу орындары лицензиядан айырылған болса және ЖОО аккредиттеуден өтпеген жағдайда, білім алушылар гранттарды сақтай отырып әрі игерілген кредиттер мен пәндерді қайта тапсырып, басқа жоғары оқу орындарына ауысуға құқылы екеніне айтқымыз келеді.

Осы жылдың түлектері басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады және олардың оқу нәтижелері ескеріліп, диплом беріледі. Бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген.

Талапкерлер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдау мәселесіне мұқият болуға шақырамыз. Осы ретте оқу орны ұсынып отырған білімнің сапасын, болашақта жұмысқа орналасудың перспективалары, жоғары оқу орнының беделі мен рейтингтегі орнын ескеру қажет. ЖОО рейтингін министрліктің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізеді.

egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: