Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 126 сынып карантинге жіберілді

28.09.2021, 15:40 304

HALYQLINE.KZ Бүгінде аймағымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Дегенмен жаңа оқу жылының басынан оқуды дәстүрлі форматта бастаған 126 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталған. Салдарынан 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ, дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегі есепке алынып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан бері бүгінге дейін мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 14 386 нысан қамтылды. Нәтижесінде 788 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 51 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Дегенмен карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері 500-ден астам той өткізу анықталды. Сонымен қатар облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азаматты анықтады. Оның ішінде 727 адам «қызыл» статусты, 220 тұлға «сары» статуста. Оқшаулау режимін бұзушы «қызыл» статустағы азаматтарға қатысты 154 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 7 млн-ға жуық айыппұл салынды, – деді Динара Олжабайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: