Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады (Видео)

19.01.2023, 15:00 159

HALYQLINE.KZ Енді Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

«Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылдан бастап соңғы оқу күні – 31 мамыр. Бұл күні оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар, бұл күні балаларды қорғау күнімен қатар, мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі», – дейді ол видеода.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай Оқу-ағарту министрлігінің соңғы қоңырау күніне қатысты бұйрығына наразылығын білдірген еді.

Видеоның сілтемесі:

https://www.youtube.com/shorts/sdbnRhEhvmI

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: