Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

  • USD: 417.02 (0)

  • EUR: 505.51 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Мектептерде «Соңғы қоңырау» соғылмайды

17.04.2020, 16:39 657 0

HALYQLINE.KZ –| Бүгінде барлық оқу орындарының оқушылары мен студенттері қашықтан оқу режиміне көшті. Мектеп оқушылары үшін телевизиялық сабақ та қосымша жүргізілуде. Осыған байланысты орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті.

  • Қашықтан оқытудың екінші аптасы аяқталды. Барлық мектептерде қалыптыжағдайда өтуде. Бүгінде 2,4 млн оқушы мен ұстаздар интернет-платформаны пайдаланып жұмыс істеп отыр. «Балапан», «Ел арна» каналдары арқылы 800 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып отыр. Штабтық режимде оқып жатқан мектептер де бар, олардың саны – 433. 25 мыңнан аса оқушы күнделікті штабдық кестеде жұмыс істеп келе жатыр. Пошта байланысы арқылы оқып жатқан оқушылар саны – 4000-ға жуық. Ол интернет желісі төмен немесе жоқ мектептерде осындай жұмыс түрі ұйымдастырылған, – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы.

Қашықтан оқу түрі бір сәтте енгізілуіне байланысты оған мектептер де, мұғалімдер де оған дайын болмады. Сондықтар болар, кейбір пәндерді түсіру барысында қателіктер орын алған. Сабақ процесін тоқтатпау үшін мұғалімдердің қатысуымен демалыс уақытында бағдарлама дайындалып, екі аптада 700-ге жуық сабақ көрсетілді. Соның ішінен екі сабақтан қате анықталып, бүгінде қайта түсірілген. Жіберілген қателер үшін білім саласының жауапты өкілі қоғамнан, ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұрады. Бұл сабақтарды мұғалімдердің өздері дайындайды және Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық академия сабақтардың мазмұнын қарап, эфирге жібермес бұрын әдіскерлер жұмыс істейді. Арнайы комиссиядан өтеді. Осы тексеріс жұмыстарын күшейтіп, әрі қарай жұмысты жалғастырылмақ. Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларды мазалайтын сұрақтар да жеткілікті. Тікелей эфир барысында Ш.Таңатқызы оған да жауап беріп үлгерді.

  • Биыл қорытынды аттестаттау болмайды. 9-сыныптар 4 пәннен, 11-сыныптар үшін 5 пәннен емтихан жұмысын өткізу қарастырылған болатын. Бұл жолы қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Жылдық қорытынды бойынша аттестат тапсырылады. Ал күнделікті сабақ аяқталған кезде өткізілетін салтанатты шара саналатын «Соңғы қоңырау» қашықтан оқыту процесі жүруіне байланысты өткізілмейді, – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникацияда өткізілген онлайн-брифинг барысында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: