Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектептерде ата-аналар академиясы құрылады

29.04.2023, 18:00 519

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары Қазалы, Жалағаш аудандары мен Байқоңыр қаласында жалғасты.

Ең алдымен ведомство басшысы мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданындағы мәдениет үйінде білім саласы, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және ата-аналармен кездесті.

«Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет» атты бірлескен кеңес отырысында облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағамбет және аудан әкімі Мұхтар Оразбаев баяндама жасап, ұстаздар мен ата-аналар өз пікірлерін білдірді.

​​Жиында министр мектептерде ата-аналар академиясы жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сонлай-ақ, ведоомство тарапынан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленгендігін айтты.

Қазалыдағы келелі кездесуден соң ҚР Оқу-ағарту министрі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерімен еркін форматта кездесті. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласына арнайы аялдап, ондағы №277 мектеп-лицейінде ұстаздар қауымымен пікірлесті. Кездесу барысында Ғани Бектайұлы Байқоңыр қаласына арнайы бағдарлама жасауды тапсырып, бітіруші түлектерге грант бөлу мәселесін шешу қажеттiгiн атап өтті.

Әрі қарай ведомство басшысы мен облыс әкімі Жалағаш ауданындағы Таң ауылына барды. Ауылдағы №118 мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа автобус табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: