Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Эпидахуал тұрақтанғанша оқу жүйесінің қандай форматта өтеді?

20.01.2022, 14:00 507

HALYQLINE.KZ Қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша оқу жүйесінің қандай форматта болатындығы туралы баспасөз конференциясында тоқталып өтті.

– Бүгін Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №2 қаулысы қабылданып, қаулыға сәйкес эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қаладағы 600 оқушыға дейінгі мектептер – дәстүрлі форматта оқыса, 600 оқушыдан жоғары мектептер – қашықтықтан оқыту форматын жалғастырады (ауылдық жерлердегі 600 оқушыдан жоғары мектептер – дәстүрлі формата). Қашықтықтан оқыту форматындағы мектептер әкімшілігінің шешімімен 1-2-сыныптар дәстүрлі форматта оқитын болады. 2021-2022 оқу жылы басталғалы 185 оқушы вакцинация алса, білім беру қызметкерлерінен 406 мұғалім ревакцинациядан өтті, – деді Динара Қонақбайқызы.

2020-2021 оқу жылында 5946 оқушы электронды құрылғылармен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 3736 ноутбук, 1248 планшет, 962 компьютер білім алуға қолайлы жағдай жасау мақсатында оқушыларға қолданысқа берілді.

Айта кету керек, 2021 оқу жылында мұғалімдер күні меркесіне орай қаладағы 10 педагог-қызметкер «Үздік мұғалім» номинациясы бойынша қала әкімінің 150 000 теңгелік қаржылай сыйақысымен марапатталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстық және республикалық кәсіби байқаулардың жеңімпазы атанған 34 мұғалімге «BILIMBOOK» құрылғысы тарту етілсе, білім бөліміне қарасты 12 білім беру ұйымдары «Үздік білім беру ұйымы» атанып, қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті тарапынан принтерлер сыйға алды.

Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты, 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, №4 «Қуаныш», №14 «Самал», №31 «Алтын кілт», «Ер төстік», «Балапан» балабақшаларынан логопедиялық пунктер, және «Нұрбесік» балабақшасына аутизм балаларға қолдау кабинеті ашылды.

2021 жылы «Балбұлақ» балабақшасында аутизм кабинеті ашылып, 9 тьютер маман алынып, 5 балабақшада логопедиялық кабинет ашылып жұмыс істеуде. 90 педагог инклюзивке байланысты біліктілік курсынан өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: