Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

23.05.2023, 11:35 246

HALYQLINE.KZ  Кеше аймағымызда ұлттық бір­ыңғай тестілеу сынағы басталды. Аталған науқан Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы ҰБТ өткізу пунктінде 22 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады.

Бүгінде аймақтағы 8 210 мектеп бітіруші түлектің 7 421-і тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бүгінгі алғашқы тестілеу күнінде 286 түлек он бір жылғы білімін тезге салып, бақтарын сынайтын болады.

– Облыс көлемінде 3 тестілеу пункті жұмыс істейді. Айта кететін жайт, оқушылардың ҰБТ өтетін тестілеу пунктіне баруы мен қайтуы, жол шығыны және қауіпсіздігіне ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері тікелей жауапты болады, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушысы Қарлығаш Әнуарова.

Айта кетейік, бұл тестілеу білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл талапкер грантқа түсу үшін екі рет тестілеуге кіріп, жақсы нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Ерекше мүмкіндік балалар мен ата-аналардың сынаққа бойы үйренуі үшін берілген.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: