Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрболдың «ұшатын фермері» диқаншылар жұмысын жеңілдетпек

25.03.2022, 10:30 462

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрбол Жақсылық құрастырған пилотсыз ұшу аппаратының прототипі Түркістан қаласында өткен Наурыз кездесулерінде үздік ғылыми жобалар көрмесінде таныстырылды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайынғы көктемгі ғылыми жобалар байқауы – Наурыз кездесулері биыл «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналды. Республиканың әр өңірлерінен жиналған NIS оқушылары мен жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары алдымен қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі вебинарларға қатысып, жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, робототехника, инженерия, сәулет және экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлерлермен пікір таласты. Олардың қатарында Швейцариядан еуропалық футурист Герд Леонхард, Австралиядан сутек негізінде қозғалатын көліктер бойынша сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» компаниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және басқа да беделді ғалымдар бар.

Зияткерлік мектептер базасында ұйымдастырылған барлық практикалық сабақтар топографиядағы Пифагор теоремасы, жер сілкінісін түсіну үшін математикалық модельдеуді қолдану, ғарыштық материалдарды құру және химия, биология, физика, математика және информатика саласындағы басқа да жобаларға арналды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері 10 жылдан бері Наурыз кездесулерін өткізіліп келеді. Бұл ғылыммен айналысқысы келетін оқушылар кездесетін алаңы. Негізгі мақсаты – пән бойынша алған білімін тәжірибеде іске асыру», – дейді Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Наурыз басқосуларының негізгі күні алғаш рет жаңа NIS-те, көне Түркістанда өтті. Бұл жерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері әзірлеген оқу және цифрлы ресурстар көрмесінде оқулықтар, әдістемелік құралдар, жинақтар, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған нұсқаулық, сонымен қатар ел педагогтері арасында танымал «Жүйелік-әдістемелік кешен» онлайн платформасы, 3D форматтағы «NIS LAB» виртуалды зертханасы, NIS MEET POINT ашық онлайн платформасы ұсынылды.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде жас ғалымдар мен өнертапқыштар STEAM жобалармен таңқалдырды, олар медицина, экология, математика, химия, биология, физика салаларына жасанды интеллектті енгізуге арналған. Мәселен, қызылордалық зияткер Нұрбол Жақсылық ауылшаруашылық саласында қолдануға тиімді ұшу аппаратын құрастырды. Бұл қондырғылар үлкен алқаптарды тынайтқыштармен құнарландыруға мүмкіндік береді.

«Бүгіндде пилотсыз ұшу аппараттар технологиясы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда өндірістің көптеген салалары автоматтандырылған жүйеге көшуде. Біздің жобамыз егін саласында пислотсыз ұшу аппараттарын қолдануға бағыттылған. Бұл фермесіз-ақ үлкен аумақтарды тынайтқыштармен байытуға мүмкіндік береді. «Ұшатын фермер» өзге дрондардан айырмашылығы – ұшу уақытының ұзақтығы, әрі климаттық жағдайға төзімді болып келеді», – дейді жас ғалым.

Шара барысында экологиялық жобалардың үлкен сериясы дайындалды, оның ішінде істен шыққан техникалар бойынша «Екінші өмір» жобасы, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды ақылды жинауға, атмосфераны және жалпы табиғатты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған роботтар мен роботтық жүйелер бар.

ІТ аймағында Түркістан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне дизайн және 3D модельдеу бойынша арнайы курс дайындалды. NIS-тің Наурыз кездесулеріне оңтүстік өңірінен барлығы 150-ге жуық мұғалім, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ 300-ге жуық оқушы келді.
Наурыз кездесулерінің негізгі оқиғалары ретінде бағдарламанған оқу-жаттығу дрондарының ұшуы, «Ең сейсмикалық төзімді құрылым» командалық ойыны, сондай-ақ жас өнертапқыштар құрастырған автокөліктер шыққан «NIS Intell Race» автожарысы мен «Алтын сақа» ойының атауға болады.

Әрбір Наурыз кездесулерінің мәдени бағдарламасында міндетті түрде тарихи көрікті жерлерге экскурсиялар кіреді. Түркістан облысында мектеп оқушылары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, сонымен қатар Арыстан баб пен Отырар төбеге және көне Түркістанның жаңа нысандары – «Ұлы Дала мұражайы» және Керуен сарайында болды.

Наурыз кездесулері – Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін айтулы оқиға, биыл олар дәстүрлі форматқа орала бастады. Жыл сайын наурыз айында NIS-те жас ғалымдар мен өнертапқыштар жасанды интеллект, цифрлы технологиялар және әлемдік ғылымның соңғы тенденциялары халықтық дәстүрлер мен ұлттық мәдениетпен қолдау табатын бірегей жобаларды ұсынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: