Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе… (2-бөлім)

18.04.2021, 9:00 207 0

HALYQLINE.KZ

6. Дүниелік істерге қызығушылық танытпаңыз

 7. Шүкіршіл болыңыз

– Дүниені өз үміттеріңіз бен қызығушылықтарыңыздың басты нысаны етуден аулақ болыңыз;

– Көптеген қажеттілігі жоқ нәрселерді талап етпеңіз;

– Кедей-кепшіктерге көмектесу үшін күйеуіңізді ақшаны аз жұмсауға ынталандырыңыз;

– Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша, күйеулерінің жақсылықтарын теріске шығарғандары үшін тозақта әйелдер саны басым болады.

– Сіз разы болудың нәтижесінде күйеуіңіздің махаббатына қол жеткізесіз, ол өз кезегінде сізді одан сайын қуантуға ұмтылады;

– Жақсылықты бағалай алмауыңыз нәтижесінде күйеуіңіздің сізден көңілі қалады, күйеуіңізде: «Жақсылықты білмесе, оған неге жақсылық жасауым керек?» деген ой туындауы мүмкін.

 8. Адал және сенімді болыңыз

 9. Көнбіс болыңыз

– Әсіресе, күйеуіңіз басынан қиын кездер кешіп жатса;

– Қажет болған жағдайда өз ісіңізбен, қаражатыңызбен немесе мүлкіңізбен оған қолдау көрсетіңіз;

– Харам етілгеннен басқа барлық істе қолдау көрсетіңіз;

– Ислам дінінде күйеуі – отағасы болса, әйелі – оның көмекшісі, әрі кеңесшісі болып табылады

 10. Ашуланса көңілін таба біліңіз

– Біріншіден, оның ашуын тудыратын барлық нәрседен аулақ болыңыз;

– Ашуланған жағдайда келесі әдістер арқылы көңілін жайландыруға тырысыңыз;

1. Егер қателік сізден кетсе – кешірім сұраңыз.

2. Егер кінә одан болса:

– Дауласпай, үндемей тұра тұрыңыз, немесе,

– Айтқанына көне салыңыз, немесе

– Оның тынышталғанын күтіп, бейбіт жағдайда бұл мәселені талқылаңыз.

3. Егер басқа бір сыртқы себептерден ашуланған болса:

– Ашуы басылғанша күте тұрыңыз;

– Оның ашуына сылтау іздеңіз: шаршады, жұмысында қиындықтар туындады, біреу ренжітті;

– Не болғаны жайында сұрастыра бермеңіз:

1) Не болғаны жайында маған айту керексің

2) Сені сонша ашуландырған нәрсені білуім керек

3) Сен менен бір нәрсені жасырып жатырсың, менің білуге құқым бар.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: