Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар саясаты туралы жаңа заң қабылданды

28.12.2022, 11:40 363

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Барша аудан жастарын айрықша маңызды осынау заңның қабылдануымен құттықтаймын!Заң жобасында мынадай ұғымдар заңнамалық тұрғыда бекітілді:

1. Жастардың даму индексі;

2. Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);Елімізде жұмыссыз және оқудан шығып қалған жастар көп екені белгілі. Бұл мәселе заң жобасында кеңінен қарастырылды. Бірінші рет NEET санатындағы жастардың индикаторы айқындалады. Енді осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Олар түрлі әлеуметтік көмек алады.

Заң жобасы аясында:

✔ Жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осы өзгеріске байланысты еліміздегі жастардың жалпы саны 6 млнға жетіп отыр.

✔ жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтілді.

✔ Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төленетін болды.

✔ Ең төмен базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін артады.

Бұдан өзге де бірқатар маңызды өзгерістер бар. Жаңа заңның игілігін барша жастарымыз көреді деген үміттеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: