Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Келешек» бағдарламасының келешегі кемел

13.12.2023, 22:30 154

2024 жылы “Келешек” жинақтақтаушы жүйесі іске қосылады. Жүйе барысында балаларға арнайы шот ашылып, мемлекет тарапынан 60 АЕК мөлшерінде арнайы капитал салынады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7% жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Бағдарламаның балаларға берер мүмкіндіктерін «Болашақ» университетінің Рекрутинг және Мансап орталығының басшысы Берік Саймағанбетов тізбектеп берді.

– Бұл жүйе әрбір ата-ана үшін өте өзекті бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Әрбір баланың шотында кәмелет жасына толғанша қаржы жинақталып, қалаған оқу орнына түсуге мүмкіндік қарастырылмақ. Осылайша айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаржы жинақталады. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарналары қосылса 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі бар. “Келешек” жүйесі азаматтарды қолдаудың қосымша тетігі десек болады. Бұл ретте талапкер грант негізінде жоғары оқу орнына мүмкіндік алса, шотындағы жинақталған қаражат арқылы баспана алуына да рұқсат беріледі, – деді Берік Рахманұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: