Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың 70 пайызға жуығы вакцина алды

01.09.2021, 11:00 323

HALYQLINE.KZ Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 80 пайызы екпе алуы тиіс. Алайда аймақ тұрғындарының 67,6%-ы ғана вакциналанды. Яғни, екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 271 316-сы екпе алған. Қалған 129 516 азамат екпе алмағандар қатарында. Қазіргі таңда күніне өз еркімен екпе салдыртушылар саны 2300-2500 аралығын көрсетіп отыр. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Үсенов мәлімдеді.

Айтуынша өткен аптада аймаққа «SinoVak» вакцинасының 11500 дозасы келген. Оның 2000-ы қалаға қалдырылса, 9500 дозасы аудандарға таратылған. Бүгінде 6 555 данасы қалған. Ал қордағы «Спутник V» вакцинасы 35 777 дозаны құрайды.

Айта кету керек, қазіргі кезде Қызылорда облысында індет жұқтырған 15 792 адам тіркелсе, оның 84 пайызы жазылды. Пневмониямен ауырған 2123 науқастың 1848-і емделіп шықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: