Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғанбай Маханов: «Екпе салдырудан қорқудың қажеті жоқ»

06.04.2021, 11:30 507

HALYQLINE.KZ Әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Ендеше, екпе салдырудан еш қорқудың қажеті жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте денсаулық саласының ардагері Тұрғанбай Маханов осылай деп мәлімдеді.

Бір жылдан асты індетпен күресіп келе жатырмыз. Бұл коронавирус инфекциясы басқа вирустарға қарағанда азулы. Өте қауіпті. Алайда «Індетпен қалай күресеміз? Бұның ғылыми жолдары бар ма?» деген сұрақтар өте көп. Әрине, бар. Осы уақытқа дейін таралған вирустың барлығын ғылыми жолмен тоқтатқан. Екпе ұжымдық имунитетті қалыптастырады. Мен өзімде коронавирусқа қарсы екпе салдыруға қарсы емеспін. Екпені жасатуымыз керек. Бұдан қорқатын қауіп жоқ. Кез келген вакцинаны 99 адам жақсы қабылдап, біреуіне кері әсер етуі мүмкін. Бірақ сол үшін жаппай екпеден бас тарту дұрыс емес. Індетпен бірге күресейік. Сақтық шараларын сақтап, өз денсаулығымызды күтейік, – деді Тұрғанбай Маханов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: