Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым

16.12.2023, 10:00 152

Дәрігер болу – өте жауапты мамандық. Адам жанының арашасы болған дәрігерлер қашанда құрметтің төрінде болуы тиіс. Осындай жауапты мамандықтың иесі – Мөлдір Абдуллаева. Ол еліміз азаттыққа қолы жеткен қуанышты күні дүние дидарын көрген. Тәуелсіздік құрдасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, өзінің жетістерін тілге тиек етіп, 16 желтоқсан күнінің маңызына тоқталды.

Мөлдір Абдуллаева 1991 жылы Қызылорда қаласында туылған. Бүгінде № 1 қалалық емхананың 15-ші аймаққа жұмысқа қабылданып, өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып келе жатыр. Казіргі таңда 11 аймақ дәрігері, пациенттердің алғысына бөленіп жүрген абзал жан.

Короновирус кезінде жер жаһанды індет жайлағанда да кәсіби біліктілігімен ерек болды.

– Еліміз азаттыққа оңай жеткен жоқ. Бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, оны сақтап қалу келер ұрпақтың алдында тұрған ұлы міндет. Тәуелсіз елде тұратыныма, осы елге қызмет ететініме мақтанамын. Тәуелсіздіктің құрдасы болу – үлкен жауапкершілік, – Мөлдір Фазылханқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: