Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соңғы тәулікте 7 қызылордалық індет жұқтырды

14.12.2020, 10:10 413

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 дерегі Қызылорда қаласында, 1 жағдай Қармақшы ауданында және 1-еуі Жалағаш ауданында тіркелді, деп хабарлайды Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

ПТР анализдері 2 адамнан соматикалық аурулар бойынша ауруханаға жатар алдындағы тексеру кезінде алынса, 4 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандығы себепті алынған, 1 адам профилактикалық мақсатта өздігінен ақылы негізде анализ тапсырған. Талдау нәтижелері коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсетті.

1 адамнан коронавирустың белгілері байқалса, 6 жағдай клиникалық белгілерінсіз тіркеліп отыр.

Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

14.12.2020 жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3321 адам тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: