Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сара Назарбаева ауруханаға түсті

05.05.2025, 15:50 100

БАҚ беттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Бірқатар ақпарат көздерінің мәліметінше, Сара Назарбаеваның жағдайы екі апта бұрын күрт нашарлаған, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта экс-президенттің әйелі Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

Сара Алпысқызы – еліміздегі балалар құқығы мен тәрбиесіне байланысты көптеген бастамалардың авторы. 1997 жылы ол «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығын құрды. Бастапқыда балаларды сауықтыру мақсатында құрылған бұл мекеме уақыт өте келе кең ауқымды қызмет атқара бастады. Орталық балалардың денсаулығын жақсартумен қатар, олардың рухани-адамгершілік дамуына және білім алуына бағытталған жобалармен айналысып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: