Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған жан жоқ

24.03.2022, 17:15 503

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында 19 наурыздан бері коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 4675 адам коронавирус жұқтырған. Бұл – былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 есе аз. 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 24 109 науқас тіркелді. Науқастардың басым көпшілігі (65 пайызы) клиникалық белгісімен анықталған. Олардың 14 пайызы 2020 жылы есепке алынса, 67 пайызы 2021 жылы анықталды.

Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен жағдай тіркелген жоқ. Еске салсақ, Қызылордада қазірге дейін 427 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: