Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы

19.01.2024, 17:45 193

Фото: syrboyi.kz

  1. Тазалықты сақтаңыз.
    – тамақты дайындау алдында және қолданар кезінде қолыңызды жуыңыз;
    – тамақ дайындау үшін қолданылатын ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз;
    – азық-түлікті жәндіктерден және басқа жануарлардан сақтаңыз.
  2. Шикі азық-түлікті дайын тағамнан бөлек ұстаңыз.
    – шикі етті басқа азық-түліктерден бөлек ұзаңыз;
    – шикі етті турауға бөлек пышақ пен тақтай қолданыңыз.
    – шикі және дайын азық-түлік өнімдерін араластырмай жабық ыдыста сақтаңыз;
  3. Мұқият термиялық өндеуден өткізіңіз.
    – азық-түліктерді әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе пісіріңіз.
  4. Азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз.
    – дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз;
    – барлық дайындалған және тез бұзылатын өнімдерді (50C төмен температурада) салқындатыңыз;
    – дайындалған тағамды ыдысқа салғанша ыстық күйінде сақтаңыз.
  5. Балғын азық-түліктерді таңдаңыз.
    – таза суды қолданыңыз;
    – жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтынатын жағдайда жуыңыз;
    – пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз.

Алима АБДУШУКУРОВА,

Қызылорда бөлімшелік көліктегі

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: