Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пневмония ма, коронавирус па?

29.04.2020, 11:19 575

HALYQLINE.KZ –|  Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 187 адамға жетті. Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 5 жағдайдың мән-жайы туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай анықталды. Науқастардың барлығы – Қызылорда қаласынан. Оның төртеуі – алдында қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауға алынғандар. Ал, біреуі – пневмонияға байланысты емханаға көрініп, скринингтік тексеру барысында белгілі болды, – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 187 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2910. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1529, потенциалды байланыста болғандар – 1381 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 76, правизорлық стационарда – 51, карантиндік стационарда – 490 адам бақылауда.

Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 1079 тест сынамасы жасалыпты.

– Соңғы тәулікте 1079 тест сынамасы жасалды. Оның 781 – теріс мәнді болып шықты. Бесеуі оң нәтиже берді. Ал, 293 – әлі тексерілу үстінде. Бүгінде облысымызда 6177 тест сынамасының қоры қалды, – деді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысы облысымызда бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілгенін мәлімдеді.

– Облысымызда бүгіннен бастап карантин талаптары босаңсыды. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11 қаулысына сәйкес, кейбір мекемелердің жұмысы жанданып, қоғамдық көліктер белгілі бір уақыт аралығында жүруді бастады. Бұл – облыста тұрғындардың жүріп-тұруы артады деген сөз. Осыған орай, тұрғындар қарым-қатынас арқылы инфекция жұғуының алдын алу керек. Мысалы, қоғамдық көліктерде, дүкенде, көшеде арақашықтық сақтау, адамдардың шоғырлануын болдырмауға мән берген жөн. Сондай-ақ, тұрғындар үнемі бетперде тағып, антисептик қолдануы қажет, – деді Ж. Әбілқасымұлы брифинг барысында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: