Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пандемия әлі аяқталған жоқ»

28.04.2022, 17:10 447

HALYQLINE.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Коронавирус инфекциясының қайта өршу қаупі бар ма?» деген журналистердің сұрағына жауап берді.

«Бұл жаңа мутациялардың пайда болуына, коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының шығуына байланысты. Қазіргі күні Қытайда «омикрон», «стелс-омикрон» көбейіп жатыр. Тәулігіне 30 мың адамға дейін ауру жұқтырады. Ол жақта қатаң шаралар қолданылып жатыр. Біз бұл жағдайды бақылап отырмыз. Ай сайын ПТР оң нәтиже көрсеткен тесттерді «омикронға» және «омикрон түрлеріне» тексереміз. Диагностика бар. Бәрін бақылап отырмыз. Егер коронавирус инфекциясының жаңа түрі шығатын болса, ол ауруды өршітіп жіберуі мүмкін, не болмаса халықта қалыптасқан ұжымдық иммунитетке тап болуы мүмкін. Ондай болатын болса кәдімгі тұмау сияқты өтіп кетеді», – дейді министр.

Сонымен қатар, Ажар Ғаният ДДСҰ жағдайды бақылап отырғанын, пандемияның әлі бітпегенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: