Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы амандығы – ұлт саулығының көрсеткіші

10.05.2023, 15:40 452

Ана мен бала денсаулығы – отбасын ғана емес, бүкіл елді толғандыратын аса маңызды мәселе. Дені сау ана мен бала – ел байлығы. Сондықтан да қандай мемлекет болса да ең әуелі дені сау, саламатты ұрпақты дүниеге әкелетін ананың жағдайын жасауды ең басты мәселелердің қатарына қоюы – заңдылық. Сол себепті біздің үкіметімізде де ел басшыларының жылда халыққа жолдайтын Үндеулерінің барлығында дерлік денсаулық, оның ішінде ана мен бала денсаулығы атаусыз қалмайды, әрі оған тапсырмалар беріліп, қарқынды жұмыстар атқарылады.

Өздеріңіз білетіндей, ана мен баланың денсаулығы жүктілікке дейін де басталады. Әйел өз денесін болашақ жүктілікке дайындау үшін денсаулығына және дұрыс тамақтануына қамқорлық жасауы керек. Өйткені, дені сау ана – дені сау баланың кепілі.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы негізгі бес бағдардан тұратын болса, оның үшінші, яғни «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты бағдарында жалпы ұлт денсаулығына басымдық беріледі.Ең маңызды инвестиция құйылар нысан – денсаулық саласы екендігін тағы да қадап айтады. «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.

Дені сау ана мен бала – бақытты отбасы ғана емес, еліміздің экономикалық әл-ауқаты. Дені сау балалар жақсы оқып, жұмыс істей алады, ал дені сау аналар жұмысын жалғастырып, экономикаға үлес қоса алады. …Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды»,- деген мемлекет басшысы тек қалалық жерлерде ғана емес, медицина саласы бойынша ауылдық жерлердегі қордаланған мәселелердің тез арада шешімін табуына жағдай жасау қажеттілігі туралы атқарылар жұмыстардың көзін атап берді.

Сондықтан мемлекет жүкті әйелдер мен балалардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуі керек. Бұл көптеген қиындықтарды болдырмауға және ана мен баланың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бір-екі жылдық мәлімдемесіне сүйенсек әрі өзіміздің қызмет істеп жүрген жеріміздегі күнделікті жұмыс ағымынан түйеріміз – өңірімізде ана мен бала денсаулығына бөлінетін қаржы, жасалатын жағдай жақсарып келеді. Оның бір себебі – мемлекет басшысының үкімет алдына қойған келелі міндеттері болса, екіншісі – ана мен бала денсаулығы облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Қорыта айтқанда, ана мен бала денсаулығы – ұлт байлығы. Барлығымыздың бақытты болашағымыз үшін аналарымыз бен балаларымыздың денсаулығына қамқорлық жасауымыз керек.

Облыстық перинаталдық орталығы

Нәрестелерді қарқынды емдеу және жансақтау бөлімінің

жоғары санатты мейіргері Жолмаханова Ақмарал Болатқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: