Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирусқа қарсы күрестің басты шарты – тазалық

25.08.2020, 15:10 751

HALYQLINE.KZ Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қатерлі аурудың алдын алып, оның кең етек алып кетуіне жол бермеу үшін бәріміз жұмыла күресуіміз қажет. Қауіпті вирус қауіпсіздікті нығайтуды талап етеді. Аталған вирусқа қарсы күрестің басты шарттарының бірі – тазалық сақтау. Тазалық болған жерде адамның денсаулығы да мықты болады. Сондықтан «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтылмаған. Әрбір адам күнделікті әрекетінде осы жағына көбірек мән беруі керек. Ол яғни күнделікті қолды сабынмен жуып отыру. Жеке бас гигиенасынан бөлек, үйіңізді, бөлмеңізді жиі желдетіп, шаңын сүртіп отыру.

Адам сонымен қатар құнарлы тамақ ішіп, ұйқысын қандыруы керек. Иммунитетті төмендетпеу маңызды. Иммунитет көтеру үшін дұрыс тамақтануға мән беру керек. Күнделікті С, В тобындағы витаминдерді, А, Е, D дәрумендерін, көкөніс, жеміс-жидек, ет, сорпа, ақуызы мол тағамды көп жеген жөн. Күйзеліске түсіп кетпей, іштей серпілуге тырысу керек. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене жаттығуларын жасағанның да пайдасы бар. Тыныс алу гимнастикасын үздіксіз жасауға кеңес берер ем. Отырып-тұрып жаттығуын жасауда денсаулықты нығайтуға көмектеседі.

Баршаға айтарым, өзіңіздің, отбасыңыздың, барша адамзаттың амандығын ойласаңыз, сақтық шараларын бір сәтке де естен шығармай, аурудың алдын алыңыз.

Күмісай БАЛЫМБЕТОВА,

№3 қалалық емхананың

І жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: