Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық конференция делегаттары Жаңақорған, Шиелі аудандық ауруханаларының жұмысымен танысты

16.05.2025, 14:50 203

HALYQLINE.KZ

15 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының, республикалық медициналық ұйымдар мен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшылары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында делегаттарды аймақ бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы Жаңақорған ауданындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы, «Төменарық», «Алмалы» ауылдық амбулаториялары және Шиелі аудандық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қосымша блогының құрылысымен таныстырды.

Жұмыс сапарында медицина ұйымдарының басшыларына таныстырылған «Қамқорлық» оңалту орталығында балалардың сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда орталық емдік дене шынықтыру бөлмесі, массаж, ойын бөлмелері мен оңалту құралдары секілді керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек монтессори педагогикасы науқастардың үй жағдайына бейімделуіне көмектеседі.

15 төсек орынға арналған «Төменарық» дәрігерлік амбулаториясы өткен жылы ашылған болатын. Дәрігерлiк орталық Төменарық аумағында орналасқан, Сүттіқұдық, Сунақата, Екпінді, Еңбек, Қожамберді, Жайылма елді мекендерінің 10 мыңнан аса тұрғынына медициналық көмек көрсетуде.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына сәйкес, Шиелі ауданаралық ауруханасы көпбейінді аурухана болып өзгеруіне байланысты медициналық қызмет түрлерін кеңейту мақсатында да көптеген жұмыс атқарылуда. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан МРТ медициналық аппаратымен жарақтауды жоспарлап қойды. Бүгінде аудандық аурухана жанынан қосымша корпус құрылысы аякталды. Магнитті резонансты томаграфия жыл соңына дейін алынады деп күтілуде.

«Алмалы» дәрігерлік амбулаториясы да 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына сәйкес пайдалануға берiлді. Қазіргі таңда 1373 халыққа жалпы дәрігер бөлмесі, күндізгі бөлім, емшара және егу бөлмелерi секілді 14 кабинет қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, 16-17 мамыр күндерi каламызда «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткiзiлмек. Аймағымыздың медицина саласы үшін бұл іс-шараның маңызы зор болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: