Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздің қай өңірінде коронавирустан адамдар көп қайтыс болып жатыр

12.04.2021, 10:10 400

HALYQLINE.KZ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елде коронавирус жұқтырғандармен қатар індеттен көз жұмғандар санының да артқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ақпарат таратты.

«Елімізде ауру жұқтырғандармен қатар өлім жағдайының да өскені байқалады. Наурыз айында ақпанмен салыстырғанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артқан. Өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелген», – дейді ол.

Министрдің сөзінше, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданып жатыр.

Бүгінде Қазақстан бойынша 30 109 төсек-орын әзірленген. Олардың 41 пайызында науқастар жатыр. Төсек-орындардың бос еместігі, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысындағы ауруханаларда байқалуда.

Цойдың айтуынша, мұнан бөлек 32 064 төсек-орынға шақталған резервтік қор бар. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында резервте тұрған қосымша төсек-орын бар. Ол әр қалада шамамен 1 200-ді құрайды.

«12 наурыз бен 12 сәуір аралығында ауруханаға жатқызылғандар саны 4 713-тен 12 349-ға дейін, яғни 2,6 есеге өсті. Жұқпалы аурулар станционарында 2 752 жансақтау бөлімінің төсек-орындары бар. Оның 27 пайызы бос емес. Соның ішінде 66 пайызы Нұр-Сұлтанда, 50 пайызы Алматыда байқалуда. Жансақтау бөліміндегі пациенттер саны 2,4 есеге артты.

Эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрғанын ескере отырып, өңір әкімдері жағдайға үнемі мониторинг жүргізуін қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ жедел әрекет етіп, алдын алу және эпидемиологияға қарсы шаралар қабылдауы тиіс», – дейді Цой.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: