Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екпе келісіммен егіледі

20.10.2020, 10:20 470

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеу қамауындағы азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды. Тұмауға қарсы екпеге тек келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынады.

Тұмаудың алдын алу мақсатында бұл вакцина созылмалы аурулармен арнайы диспансерлік есепте тұрған азаматтарға салынды. Олар – артериалды гипертензия, қант диабеті ауруларымен ауыратындар мен 1, 2 топтағы қарт мүгедектер.

«Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді. Соның нәтижесінде науқастарда бактериялық пневмония пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда 60 жастан асқан адамдардың жағдайы қиын болады. Тергеу изоляторындағы 50-60 жастан асқан 11 азаматтың келісімімен тұмауға қарсы екпе салынды», – деді тәжірбиелі дәрігер Р.Манатова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: