Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

01.04.2021, 13:30 677

HALYQLINE.KZ Коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары Жаңақорған және Сырдария аудандарында жүйелі жүргізілуде. Қос ауданда вакцинациялау наурыз айында басталды. Бүгінде Жаңақорғанда 200, Сырдарияда 100 адамға екпе салынды.

Біз вакцинацияға дейін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп, екпе кабинеттерін қажетті құрылғылармен жабдықтаған болатынбыз. Ай басында ауданға коронавирус инфекциясына қарсы екпенің І және ІІ компонентіне 400 доза жеткізілді. Жалпы екпе салынғандар арасында ауыр асқынулар орын алған жоқ. Негізі аудан бойынша 5249 адам вакцина алуға ниет білдіріп отыр. Сол себепті сәуір айынан бастап ай сайын 580 доза вакцина егуді жоспарлап отырмыз, – деді Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев.

Бірінші кезеңде халықпен үнемі тығыз байланыста болатын медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшыларына екпе салынды. Енді қалған дозалары кезең-кезеңімен жеткізілсе, сәуір айында полиция қызметкерлері мен педагогтарға ерікті түрде екпе салынады.

– Вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ауруханада санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сәйкес егу бөлімін дайындап, екпе егуге 4 дәрігер, 3 медбике және 3 медициналық тіркеуші маманын жұмылдырдық. Алғашқы кезең үшін бізге 200 доза жеткізілді. Егу жұмыстарын алдымен инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары, қоғаммен жиі байланыс орнататын адамдарға жүргіздік. І кезеңнің І компоненті 100 дозасы аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлеріне салынды, – деді Сырдария ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Нұржамал Мырзағалиева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: