Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ДҰҰ: коронавирус жұқтырғандар саны рекорд орнатты

23.09.2020, 10:00 439 0

HALYQLINE.KZ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әлемде бір апта ішінде коронавирус жұқтырған саны рекорд орнатқанын мәлімдеді.

ДДҰ мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында әлемде CОVID-19 жұқтырудың 1 998 897 жаңа жағдайы анықталып, 36 764 науқас қайтыс болды.

Вирустың расталған жағдайларының саны алдыңғы аптаға қарағанда (7-13 қыркүйек) 6 пайызға артқан екен.

Сондай-ақ, Джонс Хопкинс Университеті соңғы тәулікте АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 52 мыңнан асқанын хабарлады. Университеттің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Америка Құрама Штаттарында 52 070 науқас тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: