Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрі-дәрмек қоймасының қорымен танысты

03.11.2020, 10:00 747

HALYQLINE.KZ Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшылығы облысымызға іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы мен Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзаданы «СК-Фармация» ЖШС-нің облыстық филиалы қоймасындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының қорымен таныстырды.

– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың денсаулығын сақтау. Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу, дәрі-дәрмектердің мол қорын құру және ықтимал пандемияның алдын алу» – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Сонымен бірге, Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы пандемияның бірінші толқынындағы тәжірибені ескере отырып, COVID-19 емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемінің болуына және бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: