HALYQLINE.KZ –| ҚХР Медициналық қамсыздандыру басқармасының медициналық қызметтерді басқару жөніндегі департамент басшысы Сюн Сяньцзюнь коронавируспен ауырғандарды емдеуге қанша қаржы жұмсалатынын хабарлады. Оның айтуынша, Қытайда COVID-19 инфекциясына шалдыққан бір науқасты емдеуге орта есеппен 3 мың доллардан аса, ал жағдайы ауыр науқасты емдеуге 21,3 мың доллар қаржы жұмсалған.
Қытай билігі коронавируспен ауырған
науқастарды сауықтыруға барлығы 211 млн долла қаржы жұмсаған. Бұл шығынның 990 миллион юань қаржысын медициналық
сақтандыру жаппақ. Яғни, Қытайда COVID-19 инфекциясымен ауырған 80 мыңнан аса
науқастың 52 мыңға жуығын сақтандыру есебінен төленбек. Дегенмен бұл нақты есеп
емес. Өйткені Қытайда коронавирус індеті тоқтағанымен, одан емделіп жатқан
1100-ден аса науқас бар, арасында 139-ының жағдайы ауыр. Одан бөлек,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Қытайда коронавирус
жұқтырғандар тағы шыға бастады. 11 сәуір күні Қытайда ковид жұқтырған 99 жаңа
науқас анықталды. Олардың барлығы шетелден келгендер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!