Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас дәрігер мерекеде босанған аналарды құттықтады

09.03.2021, 12:05 740

HALYQLINE.KZ

8 наурыз күні денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сәбит Бексейітұлы облыстық перинаталдық орталығында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде босанған аналарды құттықтады.

Бұл күні сағат 00:00 ден 18:00-ге дейін перинаталдық орталықта 22 нәресте дүние есігін ашты. Оның 13-і қыз бала болса , 9-ы – ер бала. Соның ішінде біреуі – егіз.

Басқарма басшысы аналардың демографияға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: