Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана сүті – нәрестенің дұрыс өсуінің негізі

05.08.2022, 17:30 527

HALYQLINE.KZ «1-7 тамыз – Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығына орай, облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері облыстық ана сүтімен қоректендіру бағдарламасының үйлестірушісі Скакова Нұргүл Жанайқызымен бірігіп, перинаталдық орталықта ем алған нәрестелердің қазіргі кезеңдегі үй жағдайындағы денсаулықтарымен танысты. Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері арасында нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Ахметова Шынар Дастанқызы, балалар невропатологы Әмзеева Зухра Болатбекқызы, бас мейіргер Бегімова Құралай Жәлелқызы және акушер Ашимова Ғалия Мұхамедәлиқызы аналар мен нәрестелердің жағдайымен танысып, бала күтімі жөнінде бірқатар кеңес берді.

Дәрігерлер ана сүтімен емізудің маңыздылығын, нәрестенің жалпы күтімі бойынша түсіндірме жүргізді. Үйлеріне шығарылған нәрестелердің барлығы тек қана ана сүтімен қоректенуде. Бұл өз кезегінде перинаталдық орталық қызметкерлері босанған жас аналарға омырау сүтімен емізудің маңыздылығы туралы әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігінің нәтижесі. Ана сүті – балаға арналған тамақ қана емес, сонымен қатар әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, түрлі аурулардың алдын алуға арналған күшті «дәрі». Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі Алғашқы сүт немесе ақ уыз нәрестені аурулар мен өлімнен қорғайтын элементтерге бай. «Ана сүті – нәрестенің дұрыс өсуінің негізі». Ана сүті нәресте миының дұрыс дамуына, инфекциялардан қорғауға ықпал етеді.

Ана сүтінің тиімділігі:

✅ ол қашанда қасыңызда, ылғи да тұтынуға дайын, арнайы әзірлеуді қажет етпейді;

✅ бірнеше күн анасы емізбесе де көкіректе не ашып, не бұзылып кетпейді;

✅ ішек жұқпалы ауруларының алдын алады;

✅ респираторлы-жұқпалы аурулардың алдын алады;

✅ аллергиялық аурулардың алдын алады;

✅ баланың физикалық өсуін дамытады;

✅ баланың сана-сезімін жетілдіреді;

✅ баланың жүйке-психикасын дамытады;

✅ баланың диабет және семіздік ауруына шалдығу қаупін төмендетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: