Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамның ұйқысы неге бұзылады?

18.09.2021, 16:00 217

HALYQLINE.KZ Адамның ұйқысы неге бұзылады? Бірінің отбасы жағдайы келіспейді, екіншісін баласының жүріс-тұрысы алаңдатады. Бірақ кейбір адамдар, бәрі жақсы бола тұра, әкетіп бара жатқан ауру-сырқауы болмаса да, ұйықтай алмайды. Неге? Себебі олардың ары таза емес. Қай жерде не бүлдірдім, қай жерде біреудің ала жібін аттадым дегендер.

Өзімді бай адам сезінемін. Неге? Шын байлық ақшамен өлшенбесе керек. Төңірегіңде бала-шағаң шулап жүрсе, ортаңда қадірің қашпаса – сол байлық.

Өмірдің өзегі, оның ары қарай жалғасуы Құдай қосқан қосағыңа да байланысты. «Жақсы әйел – еркектің бағы» деп бекер айтпаса керек.

Жақсы қартаю бір бақыт десек, сол бақыттың көзі – сенімге бөленген түсіністік дер едім. Түсіністік, сенім болмаған жерден бақыт қашқақтайды.

Кешегі күннің қошеметіне шынайы түрде лайық болсаң, бүгін де елдің назарынан тыс қалмайсың. Жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, дұрыс жолға бағыттап, өмірдегі көргенін, салмақты ақылын айтып, ұлағатты батасын беріп, айналасына шапағатын таратып, ізгілік шашуымен қатар бүгінгі өмірде алатын орны бар, қоғам өміріне белсене араласып, елдің қамын ойлайтын жанды ақсақал деп құрметтеуге әбден лайық. Кейде 40 жастағы адамның бойында да ақсақалдыққа сай пайымдылық кездеседі. Ал кейде 80-дегі ақсақалдың бойынан жасқа тән қуатты көрем. Жалпы, ақсақалдық ұзақ жасау барысында ұмтылатын үлгі-тірегіміз болуы қажет.

Төрегелді ШАРМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: