Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

98 жастағы соғыс ардагері екпе ектірді

14.10.2021, 13:00 539

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 98 жастағы Қабақ Смағұл коронавирусқа қарсы екпе салдырды.

Майдангер денсаулық зор байлық екенін алға тартты. Сондықтан қазір әлемді жаулаған қауіпті дерттің бетін қайтару үшін елді екпе қабылдауға шақырды.

Қабақ Смағұл қазіргі Бекарыстан би ауылында дүние есігін ашқан. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Бейбіт өмірде білек сыбана еңбек етті. Майдангер ағарту үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің хатшысы лауазымын атқарды. Есепшілік саласында тура 40 жыл жұмыс істеді. Анамыз Күлжан екеуі он бала өсіріп, ел қатарына қосты. Балаларының баршасы жоға­ры білім алды. Бұл күндері қос абыз 21 немере, 20 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.

Елдің дамуы үшін қызмет жасаған Қабақ атамыз – «Қызыл Жұлдыз»,  2 дәрежелі» Отан соғысы» ордені, маршал Г.К.Жуков атындағы медалдардың иегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: