Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біреудің әйелі неге қыздай?

24.01.2021, 11:00 647 0

(Аңыз әнгіме əкем Матайдың жігіттерге айтқанын өтірік ұйықтап жатып естігем…)

Ерте ерте, ертеде Жаратушы 10 еркекті жаратыпты.
Оларға əртүрлі кәсіп беріпті. Біреуі малшы, бірі аңшы, енді бірі егінші т.б.

Жылдар өте олар Жаратушыға: Бізде бəрі бар, бірақ КӨҢІЛСІЗ, бір нәрсе жетпейді дегенде,

Жаратушы: Қамыр берем, соны илеп, өздеріне
ҰНАҒАН арық, семіз, ұзын мен қысқа əйелді өздерің жасап алындар – депті.

Артынан ыдысқа салып қант әкеліп, осыны əйелдеріне беріңіздер, өмірлерің қанттай тəтті, бақытты боласыңдар – депті Жаратушы…

Бірақ оларды сынау үшін қантты артығымен əкеледі. Олардың ішінде біреуі артық екі қантты алғанына ренжіп Жаратушы əйелдерінің орынын ауыстырып береді.

Сол кезден 10 еркектің 9-ы ойлайды, артық 2 қантты жеген ƏЙЕЛ ТƏТТІ деп. Ал екі қантты артық, əйеліне бермей өзі жеген бір ЕРКЕК ғана əйелдің бəрі бірдей екенін біледі…

ӨЗ ЖАРЫҢЫЗДЫ СҮЙІҢІЗ, ƏЙЕЛДІҢ БƏРІ БІРДЕЙ…

«Көршінің тауығы қаздай, əйелі ҚЫЗДАЙ» – деп
ойламаңыздар…

Райхан МАТАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: