Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл айтқыштары

17.09.2020, 11:00 579 0

«Көтермесең көңілді кір басады» дейді дана Абай. Сол айтқандай, Қызылорда  облысы , Жаңақорған ауданына қарасты Кейден, Өзгент, Задарья, Қыраш  – өз көңілін өзі көтеріп жүрген ауылдар. Сол елді мекендердің тұрғындары әзіл-қалжың айтуға келгенде бірінен-бірі асып түспесе, қалып кетпейтіні анық. Атап айтар болсаң, олар – Тайшыбе­к, Маутан, Тұрсымат, Садыр, Байділла, Асан, Қанжар­бек, Мәдібек, Мейірбек, Мәнтай, т.б. Бұл тізімді әлі де соза беруге  болады.­ Бірақ әзірге аты  аталған  ауыл  айтқыштарының  еріксіз езу тартқыз­атын қисық та қыңыр қалжыңдарын назарла­рыңызға  ұсынамы­з.

Күле-е-е  отырыңыздар…

ТЕРЕЗЕНІҢ   КЕРЕГІ   НЕ?

Бұл қазақтың өзге ұлт өкілдеріне қарағанда бір ерекшелiгi – үлкен іс бастарда ауыл-аймақтағы ең жақын туған-туыстары мен құрбы-құрдастарын асарға шақырады. Әркім өзінің шама-шарқына қа­рай қол ұшын береді. Сол үр­діс бойынша Қошқарбек деген жігіт үй салуға құр­бы-құрдастары мен жора-жолдастарын ша­қырады. Асар болған соң қой сойылып­, қазан көтерілетіні белгілі. Ондай кезде аздап арақ-шарап құйылатыны тағы бар. Ауылдың бүкіл білекті де жүректі жігіттеріне бір үй соғу бұйым болып па?! Ірге­тасы­  құйылған  үйдің  қабырғасы  қас қағым  сәтте  қаланып, үлкен істі тез-ақ еңсеріп тастайды. Бір кезде асаршы  жігіттердің  біреуі:

– Оу, бұл үйдің терезесі қайда? Қызды-қыздымен терезенің  орнына  кірпіш өріп жіберіппіз ғой, – дейді таңырқап.

Сонда үй иесінің Байділла деген айтқыш құрдасы:

– Әй, Қошқарбек, сенің үйіңе терезе­нің не  керегі  бар? Әкең соқыр, бәрібір көрмейді ғой, – деген екен  әзілдеп.

ЖҰМАҚТЫҢ   КІЛТІ

Өмір бар жерде өлімнің бола­тыны  хақ. Елде Пәзіл деген кісі қайтыс  болып, оны туған-туыс, жақын-жұрағаттары ақ жауып, жаназасын оқып, соңғы сапарға шығарып са­лып­  жатады.

– Марқұм Пәзіл жақсы адам еді. Өмір бақи адал жүріп, тік тұрды. Адамзат баласына пайдасы тимесе, зияны тие қойған жоқ. Жұмаққа бір адам барса, осы Пәзіл баратын шығар­, – дейді ағайындарының бірі Қанжарбек.

– Оу, Қанжарбек, ол пейiшке қалай барады? Жұмақтың кілті менде ғой, – депті Қошқарбек қаралы жұрттың көзінше арсыз күлкі шақырып.­

Сонда осы әңгіменің бәрін естіп, біліп отырған тікентілді Асан:

– Қошеке, онда сен тезірек барсай­, Пәзіл күтіп қалатын болды ғой, – деген  екен.

ЕТ  пен  ИТ

Коммунистік партияның дәурені жүріп тұрған кезде Қанжарбек ауылда ферма меңгерушісі боп қызмет істейді. Оны апа-жеңгелері «Тәкен шал» деп атайды екен. Білдей бір ферманың құлағын ұстап отырған соң, үйіне жем, шөп, қой, жүн сияқты заттар жиі-жиі келіп тұратын көрінеді. Соның бәрін көріп-біліп жүретін  апа-жеңгелері:

– Осы «Тәкен шалдың» оқуын оқып алу керек екен, – деп тамсанады екен.

Сол Қанжарбек Кеңес Одағы тарағ­ан соң жұмыссыз қалып, Жаңақо­рғанға көшіп келеді. Бір күні базарға барып, ет сатып алып тұрса, Сейітхан деген құрдасы жолығып қалып:

– Қанжеке, сен де ет сатып алатын­ боп қалғансың ба? – депті келек­е етіп. Сонда Қанжарбек еш саспастан:

– Иә, итіме ет асып берейін деп жатқаным ғой, – деген екен.

ҮЙГЕ   ДЕЙІН   АРҚАЛАП   АПАРШЫ

Қыраш елді мекенiнде тұратын Әбен өз әулетіндегі ағайындарын шақырып, ас беріп, Құран оқытып жатады. Бірақ бұл жиынға әулеттегі үлкен ағаларының бірі Мәдібек келмей­ қалады. Орны ойсырап тұр­ған соң, жұрт оның қайда екенін сұрастырады. Сонда оның сырын жақсы  білетін  Әбден:

– Мәкең Сапардың үйінде система құйғызып жатыр, – депті күліп. Сөйтсе, Сапардың  шағын  дүкені бар екен. Мәкең анда-санда сонда барып­  «система  құйғызып»  тұратын  көрінеді.

Бір күні Мәкең сондай «ем-дом» жасап, қатты шаршап келе жатса, алдын­ан ұлы шығып қалыпты. Ол да қатты қызып алса керек. Сонда Мәкең:

– Әй, балам, мені Меккеге ар­қалап  апармасың анық. Ең болмаса, үйге дейін арқалап апаршы, – деген­  екен.

О  ДҮНИЕГЕ  ШАҚЫРУ

Бір күні Байділланың тракторы аударылып қалып, Құдай сақтап, өзі аман қалыпты. Соны естіп Тән деген­ құрдасы көңіл сұрай келіпті.

– Әй, Байділла, сені о дүниеге барып­ келді деп естіп жатырмыз. Ол жақ қалай екен? – деп қалжыңдапты.­

Құрдастардың мұндай қалжыңынан қалыс қалатын Байділла ма, дереу­  әңгімені ары қарай жалғас­тырып  кетеді.

– Иә, о дүниеге барып қайтқаным рас. Қақпаның алдында әкем жүр екен. Мені көріп: «Мұнда неғып жүрсің? Жоғал бұл жерден» деп ұрысып­, үйге қайтарып жіберді. Кетіп бара жатсам, бір кісі: «Бай­ділла шырағым, тоқтай тұршы» деп айғайлады. Артыма бұрылып қара­сам­, сенің әкең Кәдір екен. Сені әбден сағыныпты. Саған «дереу келіп кетсінші» деп сәлем айтып жатыр, – деген екен.

БАЙДІЛЛАНЫҢ   ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Қырашта тұратын бір қария қайты­с болып, Задарьядағы бүкіл ағайындармен бірге Мақсат Нұр­тазаев та келеді. Жаназа кезінде 5 сом­нан ақша таратыпты. Ол кезде сондай үрдіс болатын. Сөйтсе, Байділла өзіне тиісті ақшасын алып тұрып:

– Әй, Мақсат, сен алған 5 сомыңды маған тастап кет. Ертең сенің ауылыңда осындай бір қарт кісі қайтыс­  болғанда маған тиесілі ақшаны  сен  аласың, – деген  екен.

Ермахан  ШАЙХЫҰЛЫ

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: