Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тергеу мекемесінің қызметкерлері көрісу күнін атап өтті

14.03.2024, 11:15 91

Бүгін 14 наурыз елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Бұл күнде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Амал мерекесінде» қаһарлы қыстан аман-есен шығуымен, келіп жеткен шуақты көктем айымен, сондай-ақ, алда келе жатқан «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз» мерекесімен бір-бірін құттықтады.

         Көрісу күнінде  Барша адамзат баласы ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.          Мұндай атаулы мерекелерді тергеу мекемесінің ұйымшыл қызметкерлері естен шығармай, артта қалған салт-дәстүрімізді жандандыруға атсалысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: