Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған азаматтар күнделікті таңғы жаттығумен айналысады

27.03.2024, 14:35 82

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде психолог мамандардың ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында таңертеңгілік сергіту жаттығуы жасалды.

Таңғы жаттығудың пайдасының адам ағзасына берері мол. Сонымен қатар, әрбір жаттығу жасаған адамның күні сәтті және шапшаң қимылдап жүреді.  Таңертеңгілік кем дегенде 10 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам күні бойы өзін сергек әрі көңілді сезінеді. Таңғы жаттығулар кезінде адамның миында сан мыңдаған үдеріс алмасып жатады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин, яғни қуаныш пен ләззат алу гормоны мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл күйі көтеріледі. Оған қоса жүйелі дене жаттығулары қан айналымы жүйесінің қалыпты қызметіне ықпал етіп, қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Физикалық жаттығулар адам бойындағы қорқыныш, мазасыздық, ұйқысыздықтан арылуға көмектеседі. 

Спорт адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ерекше ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында өзіңізге деген сеніміңіз нығайып, өмірге құштарлығыңыз  арта  бастайды, – деп өз ойын білдірді мекеменің психолог маманы әділет капитаны А.Мырзалы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: