Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз

09.06.2022, 17:00 310

HALYQLINE.KZ

Кеңес әскерінің Таулы Қарабақ жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз» атты дөңгелек үстел өтті.

Таулы Қарабақ аймағындағы бітімгершілік операциясына Сыр өңірінен 130-ға жуық жерлесіміз аттанып, әскери борышын адал атқарды.

Бүгінде ардагерлеріміз түрлі салада қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.

Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов, «Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Базарбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Таулы Қарабақ соғысына қатысқан ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Ардагерлер ұйымы жас ұрпақтың бойына патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, ел қорғайтын азаматтарды тәрбиелеуде бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Іс-шара соңында бірқатар ардагер «Қазақстан ардагері» медалімен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: