Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан барлық адамның денесі табылды

08.02.2024, 12:10 210

HALYQLINE.KZ

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі бозбаланың денелерін тауып алып шықты.

ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсететіні айтылады.

Бұған дейін көршілері қираған үйде төрт адам өмір сүргенін, олардың екеуі ересек, ал екеуі егіз бала екенін мәлім еткен.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының «Тау-Самал» шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: