Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен (бұдан әрі–Қағида) табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру тәртібі бекітілген.
Аталған Қағидаға сәйкес, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
Табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;
2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді-растаудың электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда және жүргізілген есептеулер негізінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласының құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды ұсынады, оның қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы электрондық құжат нысанында шешім қабылдайды.
Мыналар:
тарифтің артуы; тұтынушылармен шарттардың бұзылуы; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі; реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!