Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас кәсіпкерлердің жобасы қаржылай қолдау тапты

06.05.2022, 13:00 199

HALYQLINE.KZ Елордада «3.2.1. Старт» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының басшысы Жанарыс Түбекбаев пен студент Айдос Елшібек байқауда жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге иеленді. Әріптестеріміз «Қаржылық сауаттылықты дамыту платформасы» жобасын ұсынған болатын.

Байқауда 18-35 жас аралығындағы жастар БҰҰ-ның тұрақты мақсаттары бойынша өз жобаларын таныстырды. Жас кәсіпкерлердің бизнес идеялары білім беру, таза энергия, су, қоқысты қайта өңдеу мәселелерін шешуге бағытталған.

Сайысқа 300-ден аса өтініш келіп түсіп, нәтижесінде 40 жоба жартылай финалға өтті. Комиссия оның ішінде ақтық сайысқа 10 жобаны іріктеп алды.

Айта кетейік, «3.2.1.Старт!» жобасы 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін 15 жеңімпаз анықталып, жобаларын дамыту үшін қаржылай қолдау көрсетілді.

Әріптестерді ұжым атынан құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: