Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Корейлік компаниямен меморандумға қол қойылды

24.04.2024, 14:40 1061

Облысқа корейлік «With You E&C» компаниясының өкілдері іссапармен келді. Іссапар мақсаты – облыста қатты қалдықтарды өндеу жобасын іске асыру.

Делегация өкілдері облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтің қабылдауында болып, Қызылорда қаласының әкімі мен «With You E&C» компаниясының басшылығы арасында өзара серіктестік қарым-қатынастарды орнату жөнінде екіжақты Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, делегация өкілдері жобаны іске асыру үшін, қаладағы жаңа полигонға және индустриялық аймаққа барып, жұмыстарымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: