Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда керамзит өндірісі дамып келеді

27.08.2026, 9:35 49

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданында құрылыс индустриясын дамыту бағытында жаңа өндірістер жолға қойылуда. Солардың бірі – «ҚУАТ Керамзит» ЖШС.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын 2025 жылдан бастап керамзит өндірумен айналысады. Бүгінде айына 15-20 вагон өнім өндіріп, құрылыс саласын отандық материалмен қамтамасыз етіп отыр. Керамзиттің Қазақстанның оңтүстік өңірінде тек Жаңақорған ауданында өндірілуі – кәсіпорынның маңызды ерекшеліктерінің бірі.

2026 жылдан бастап кәсіпорында керамзит блоктарын өндіру қолға алынды. Қазіргі уақытта тәулігіне 5-6 мың дана өнім шығарылады. Салмағы шамамен 10 келі болатын керамзит блоктары жеңілдігімен әрі жылу сақтайтын қасиетімен ерекшеленеді. Яғни, қыста жылуды сақтап, жазда үй ішінің салқын болуына ықпал етеді.

Сонымен қатар кәсіпорында әктің екі түрі өндіріледі. Кәсіпорын тәулігіне 70 тоннаға жуық әк өнімін шығарып, Қазақстанның барлық өңіріне, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтуде.

Бұл – ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, отандық құрылыс материалдарының үлесін көбейтуге бағытталған маңызды жоба. Осындай өндіріс орындарының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, аудан экономикасының нығаюына серпін береді.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: