Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенаторлар Қызылорда облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты

27.10.2022, 11:50 220

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды.

Сенаторлар сапардың бірінші күні жер асты қатпарынан мұнай өндірілетін кен орнында болып, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

«Ағымдағы жылдың маусым айында Парламентте көмірсутегінің дәстүрлі емес түрлерін, оның ішінде тақтатас асты мұнайын барлау мен игерудің заңнамалық негізін қамтамасыз ететін түзетулер қабылданды. Сондықтан бүгінгі таңда осы саладағы заңнамалық ережелерді іс жүзінде жүзеге асыру маңызды болып отыр», – деді Ерік Сұлтанов.

Компания өкілдері сенаторларды тақтатас мұнайын өндірудің келешегі, барлау, бұрғылау, өндіру технологиялары, сондай-ақ кен орнының даму барысы туралы хабардар етті.

Бұл компания қойнауы кенге толы Қарағансайдағы тақтатас жынысының асты мұнай мен газға бай екенін ел тарихында алғаш рет анықтаған болатын.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Сырдария ауданының бизнес өкілдерімен кездесті.

Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысының бизнесті дамыту жағдайын жақсартуға және экономикалық басымдықтарға қол жеткізуге бағытталған бастамалары туралы айтып берді.

«Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты – өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыруға бірінші кезекте әсер ететін кәсіпкерліктің дамуымен танысу», – деді Дәурен Әділбеков.

Шағын және орта бизнес өкілдері өз кезегінде келешегі зор бірқатар жобаларды іске асыру барысы туралы депутаттарды хабардар етті. Сондай-ақ олардың тиімді қызметіне кедергі болатын мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.

Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша барлық айтылған проблемалар мен ұсыныстар мүдделі орталық мемлекеттік органдармен білге талдау жасалып, зерделенетіні және Сенаттың одан әрі заң шығару қызметі барысында ескерілетіні туралы айтты.

Парламентшілер сонымен қатар Шиелі ауылында болып, осы өнімді шығарудағы ең заманауи әдіс болып табылатын цементті құрғақ өндіру технологиясы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорынның қызметімен танысты.

 «Бұл кәсіпорын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай Халық Республикасымен тығыз ынтымақтастықтың нәтижелі үлгісі болып табылады. Сондықтан біз үшін зауыт қызметімен танысу ғана өзекті емес, сонымен қатар оны одан әрі дамыту келешегін талқылау, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен қызметтің оң тәжірибесін зерделеу және ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту», – деп атап өтті сенатор Әлімжан Құртаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: