Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Несие алу жеңілдейді

10.02.2022, 10:50 324

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ҚР Үкіметінің қаулысында екінші деңгейдегі банктермен несиелер бойынша өтінімдерді қарастыру біршама жеңілдетілді. Онда несие бойынша өтінімдерді қарау онлайн форматына ауыстырылып, тапсырылатын құжаттар қысқартылды (ЖК талон, декларация). Сондай-ақ несие бойынша шешім  шығару мерзімі 1-2 күнге дейін қысқартылды. Өткен жылы арнайы құрылған комиссия шешімімен жаңашыл деп танылған 68 жобаға 248,7 млн теңге грант қаражаты бағытталды. Нәтижесінде, алдағы уақытта өңірімізде тамақ өнеркәсібі саласында «шоколад», «күн бағысмайы», «ет чипсы», «сусын» өндірістері, құрылыс саласында «шеге», «полистролбетон», «травертин», «сайлентблок», «профнастил» өндірістері, сондай-ақ, тұрмысқа қажетті «эко ыдыс-аяқ өндірісі», «кір жуатын ұнтақ», «резеңке аяқ-киім», «тент» өндірістері іске қосылады деп күтілуде. Бұдан бөлек,инфрақұрылымды қолдауқұралы аясындаЖаңақорған ауданында шұжық цехына («Қожамберді-Бірлестік» өндірістік кооперативі), Қармақшы ауданында балық өңдеу цехына электр желісін тарту және Жалағаш ауданында орталық моншағамемлекеттің есебінен газ желісін тарту көзделуде.

  • Өткен жылы, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 4 173,13 млн.теңге, оның ішінде субсидиялауға 2 372,25 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде, несие көлемі 30,9 млрд.теңге болатын 2048 жоба субсидияланып, 1 023 жобаға 6,1 млрд.теңгеге мемлекеттің кепілдігі ұсынылды. Айта кету қажет, өткен жылы субсидияланған жобалар саны жалпы 2010-2020 жылдар аралығындағы жобалардың жалпы санынан 27,5 пайызға артық болды, – деді басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.

Өздеріңізге белгілі, пандемия кезінде аймақта біраз кәсіпкердің жұмыстары қысқарып, аз-маз абдырап қалған еді. Енді олардың игіліктері үшін несиелендірудің де оңтайлы әдістері қарастырылып, біршама жеңілдіктер жасалмақ. Жалпы, несиелендірілген жобалардың өсуі, ең алдымен пандемия ахуалында Үкімет қабылдаған жедел шараларына байланысты болды. Осы мақсатта бағдарламаға «портфельдік несиелеу» жаңа құралы енгізіліп, оның негізінде несиелер бойынша субсидиялау және ішінара кепілдендіру құралдарының тетіктері біршама жеңілдетіліп, салалық шектеулер алынып тасталды.

Қанай ЖҰМАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: