Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қолдау арқылы кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңес өтті

22.02.2024, 11:10 133

HALYQLINE.KZ

Кеше Арал аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қолдау арқылы кәсіпкерлерікті дамытуға арналған кеңесі өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық, өңірлік кеңес төрағасы Е.Раймов, аудан прокуроры М.Бекпанов, аймақ кәсіпкерлерінің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Б.Нұрхожаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Баймбетов, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары мен байланыс орталығы басқармасының басшысы Г.Қарымсақова, «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелеу бөлімінің басшысы Б.Абдикерова, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары А.Изтелеуова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалының несиелендіру бөлімінің бас маманы Е.Демесінов және «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының қаржы ұйымдары мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шара алдымен Арал тауар өндірушілерінің көрмесінен бастау алды. Көрмеде 21 кәсіпкер өздерінің түрлі азық-түлік өнімін, қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар өндірісінің және құрылыс заттарының, профлист өндірісінің және тігін шеберханасының өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

Жиында аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы сөз алып, мемлекеттік қолдаулар арқылы еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Сындарлы қоғам, мықты экономика құрамыз деген мақсаттарымызға жетеміз десек, көлеңкелі бизнесті жойып, ашықтық пен шынайылықты түбегейлі қамтамасыз етуіміз қажет. Ондай ахуалды қалыптастыру сіздер мен біздердің ниетіміз бен ынта-жігерімізге тікелей байланысты. Мемлекет басшысы үкіметке халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды. Нәтижесінде, 2,5 пайызбен несие қаражатын алуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Осындай демеу арқылы жергілікті халық өз ісін ашып, отбасылық бизнесті дамытуға кірісуде. Мемлекеттік қолдаудан аудан кәсіпкерлері де қалыс қалмай, өз үлестерін барынша алуы тиіс», – деді аудан басшысы.

Іс-шараға халық арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге келген арнайы делегация аймақ көлемінде кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен ауылдық елді мекендерге 2,5 пайызбен несие қаражатын алуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жайында және аграрлық секторлардағы жаңалықтар туралы ой бөлісті.

Сондай-ақ, кеңесте 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңінің ерекшеліктері мен әрбір азаматтың активтер және міндеттемелер декларациясын тапсыру туралы сөз қозғалды.

Мұнымен қоса, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Айзат Өмірзаққызы электрондық сауданы дамыту бағыттындағы оң динамиканы қалыптастыру және осы тарапта кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтерді атап өтті.

Бұдан бөлек, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қатар прокуратура органдары тарапынан жүргізілген шаралар жөнінде аудандық прокуратураның прокуроры Р.Нұрлыбаев баяндады.

Жиынға қатысқан аудан кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтары мен талап-тілектерін жеткізіп, мамандар тарапынан тұшымды жауаптарын алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: