Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіп ашуға мүмкіндік мол

28.09.2022, 17:20 170

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген шағын несие берілетінін айтқан болатын. Бүгінде өңірде мемлекеттік бағдарламаның көмегімен кәсіп ашып, жергілікті өнім өндіретін кәсіпкерлер қатары артқан. Солардың бірі – ұлттық нақыштағы сапалы өнімдерді шығаратын жеке кәсіпкер Жанар Прекеева өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өндіріс жұмысын баяндады.

-Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлерді қолдау аясында тиімді шаралар қарастыру керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін жүргізіп отырған азаматтар көбеюде. Өзім де  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 5 млн теңге несие алған болатынмын. Ол қаржыға тігін цехын ашып, ұлттық нақыштағы бұйымдарды шығаруды қолға алдым. Бүгінде тігін цехында 7 адам жұмыс істейді. Шығарған өнімдерімізге де сұраныс көбеюде. Болашақта кәсіп орнын кеңейтіп, жергілікті бұйымдарымызды басқа өңірлерге ұсынуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет қандай кәсіп болмасын қолдауға дайын. Сол себепті, қазір кәсіп ашуға мүмкіндік мол, – деді кәсіпкер Жанар Мақсатқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: