Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл азаматтары мемлекеттік бағдарламаның көмегін көрді

08.02.2022, 17:00 1057

HALYQLINE.KZ Тігін заттарымен қосшыңыраулықтардың ықыласына бөленіп жүрген жеке кәсіпкер Айгүл Абуова – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мемлекеттік бағдарлама көмегімен тігін шеберханасын ашып, кәсібін жүргізіп отырғандардың бірі.

Кәсіпкер 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы дер кезінде біліп, тігін кәсібін дамыту мақсатында 2,5 млн теңге көлемінде несие алған. Қаржыға қажетті құрал-жабдықтар мен түрлі тігін машиналарын алып, қыз жасауы мен әсем өрнектелген құрақ көрпе-төсектер тігумен айналысуда. Тігін шеберханасында екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қосшыңырау ауылдық округіндегі келесі кәсіпкердің бірі Ғалымжан Құлжанов мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығын дамытуда. Ол 2021 жылы «Атамекен Қызылорда» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген 6%-бен «Жылқы малын бордақылау» жобасына 8 млн теңгеге қаржыландырылды. Кәсіпкер бұл қаражатқа 18 бас жылқы сатып алып, кең қоражайға жем-шөпті молынан әкелген. Ендігі ретте мал басын көбейтуді көздеп отыр.

– Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі – халыққа кәсіп бастауға қолайлы мүмкіндік жасауда. Сондықтан да әр азаматты мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсіп бастауға ынта білдіруге шақырамын, – деді кәсіпкер.

Жалпы, қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 26,9 млрд теңгені құрайтын 2532 жоба қолдау тапқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: