Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

90-жылдары кәсіп бастаған азаматтардың зейнетақы өтілі қысқарып қалуы мүмкін

25.05.2026, 11:30 28

Қазақстанда 1990-жылдары кәсіп бастаған азаматтар зейнетке шыққанда еңбек өтілін дәлелдеу мәселесіне тап болып отыр. Kursiv Media мәліметінше, 1998-2011 жылдар аралығындағы зейнетақы жарналарының есептелу ерекшелігі олардың нақты еңбек өтілін екі есеге дейін қысқартып көрсетуі мүмкін. 

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, сол жылдары кәсіпкерлер банктердегі және салық комитеттеріндегі ұзын-сонар кезекке байланысты жарнаны ай сайын емес, тоқсан сайын төлеген. Қазір бұл төлемдер нақты айлар бойынша емес, банк транзакцияларының саны бойынша есептеліп жатыр. Соның салдарынан бір жыл ішіндегі төрт төлем төрт ай еңбек өтілі ретінде ғана көрінуі мүмкін. 

Депутат бір кәсіпкердің еңбек өтілі осындай есептен кейін 30 жылдан 14 жылға дейін қысқарғанын мысалға келтірді. Ол 1998-2011 жылдардағы тоқсандық төлемдерді сол кезеңдегі нақты тәжірибені ескере отырып, ай сайынғы төлем ретінде қайта есептеуді ұсынды.

Фото: shutterstock

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: