Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсібіңізді бағалап береміз

04.08.2022, 10:50 523

Құрметті кәсіпкер қыз-келіншектер!

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» – «Атамекен» ҰКП Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен БҰҰДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жаткан жоба.

Мақсаты – кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру. Жоба аясында орталық Еуропалық сапа менеджменті қорының тәжірибесіне негізделген және халықаралық аудит әдістемелеріне толық сәйкес келетін бизнесіңіздің жай-күйіне тегін бағалау қызметін ұсынып отыр.

Бағалау қызметі бизнес жүргізу барысындағы осал тұстарыңызды анықтауда және дамыту жолында нақты қадамдарды ойластыру арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл компанияңызға әлемдік стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде әлемдік деңгейдегі өнімділік және үздіксіз жақсартуға қол жеткізу, стратегиялық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қол жеткізесіз.

Бизнесті бағалау қызметін алу үшін кәсіпкерлер келесі критерийлерге сай болуы керек:

  • 18 бен 63 жас аралығындағы әйел басқарады немесе серіктестік иесі әйел болып табылады;
  • Компания өнім шығарады немесе қызмет көрсетеді;
  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес компания микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі (ШОБ) болып табылады;
  • Компания тұрақты негізде және/немесе қызмет көрсету шарты бойынша 5-тен 250 адамға дейін жұмыс істейді;
  • Компанияның Қазақстан Республикасына төленбеген салықтары жоқ;
  • Компания тіркелген және екі жылдан кем емес жұмыс істейді;
  • Компания мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары және т.б. бойынша сенімсіз жеткізушілер тізіміне енбеген;
  • Компания банкроттық немесе таратылу процесінде емес.

Қызығушылық танытқан кісілер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кеңес ала алады. Мекенжайы: Қызылорда қ., Қорқытата көш.,123, 1-қабат («Бизнеске арналған Үкімет» ғимараты), 8/7242/400202. Кеңесші: Нұрханова Жадыра Мейрамбекқызы, 8 705 116 19 10 (Whatsapp).

Қызылорда облысы

 кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: